Astana Qazaqstan Team командасының қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Серениссима Гравел» біркүндік жарысында топ жарды.

Алғаш рет өткен веложарыста Әлемдік турдың 4 командасы қатысты. 132 шақырымға созылған қашықта Алексей Луценко мәре сызығын бірінші кесті.