Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев Қырғызстан атынан өнер көрсетпеу себебін және болған жағдайды түсіндірді.

"Қырғызстан Республикасында мені қолдайтындардың саны көп екенін түсінемін. Сіздерге айтарым, мен елден кету үшін себеп іздемедім, ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді. Кетуімнің себебі жаланың көбеюімен тікелей байланысты. Егер нақты бір елдің атынан шықпайтын болсам, уақыт өте бұлар да азаяды деп ойлаймын.

Аралас жекпе-жек пен менің жанкүйерлеріме бұл істе өзімді тек жақсы қырынан көрсететінімді айтқым келеді. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін көп рақмет!" – деп жазды спортшы.