«Қайрат» футбол клубы команда ойыншыларының бас бапкер Курбан Бердыевке көңілі толмайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

«Қазір БАҚ-та «Қайрат» ойыншылары бас бапкердің ойын үлгісіне наразы екендігі туралы ақпарат тарап жатыр.

«Қайрат» футбол клубы ойыншылар мен клуб басшылығының бас бапкерге жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлайды.

Команда алдағы маңызды ойындарға толық дайындық үстінде»,-деп жазды команданың баспасөз қызметі.