«Буревестник» волейбол клубы ерлер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін өткен ойында алматылықтар Таиландтың «Нахон Ратчасима» командасын 3-0 (25:23, 25:17, 25:21) есебімен жеңді.

Айта кетейік, алтын медальді Sirjan Foulad Iranian және Al Arabi Sports Club командалары сарапқа салады.