Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоның ұлы кіші Эммануэль Пакьяо алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Эммануэль Пакьяо боксқа қадам басуға ниетті. Бірақ ол кәсіпқой бокста немесе әуесқой бокста өнер көрсетені белгісіз.

Ол әлемдегі үздік жаттықтырушылардың бір Эдди Рейносоның жетекшілігімен мексикалық Сауль Альварестің (56-1-2, 38 КО) жанында жаттығады.