Италиялық «Романың» өзбекстандық шабуылшысы Элдор Шомуродов екі есеге қымбаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt бағасы бойынша, Шомуродовтың бағасы артқан. Маусым басында «Дженоа» сапында ойнап жүргенде өзбекстандықтың нарықтағы бағасы 7 миллион еуро болған. Ал «Рома» сапындағы ойынынан кейін ол екі есе қымбаттады, қазір 14 миллион еуро.

Шомуродов осы маусымда «Рома» сапында 10 матч өткізіп, 1 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған.