Футзалдан Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды.

Алғашқы 1/2 финалдық матчта «Қайрат» пен «Нұр-Сұлтан» командалары кездеседі. Ал екінші айқаста «Ақтөбе» мен «Атырау» ұжымдары финалдық жолдама үшін таласады.

Жартылай финалдық матчтар 16 қазанда өтеді.