Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай «Наше Дело» лигасында бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді.

Оның қарсыласы украиналық Бовар Ханаков болмақ. Ол Top Dog лигасында 3 жекпе-жек өткізген.

Айта кетейік, Мұратбек Қасымбай жақында «Pravda» лигасында бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте Михаил Долгополовты жеңді.