Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына Түркістан облысында дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Былғары қолғап шеберлері Түркістан облысында орналасқан "Алма тау" спорт базасында дайындықтарын шыңдауда.
Аталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 60 спортшы қатысуда.
Айта кетерлігі, биыл бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Белградта өтеді.
Жоспар бойынша оқу-жаттығу жиыны 21 қазанға дейін жалғасады.
Комментарии