«Авангардтың» бас бапкері Боб Хартли қазақстандық «Барысқа» қарсы өтетін алдағы ойын туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барыс» - өте жылдам команда. Бірнеше матчта жақсы ойнап, ұпай жинадық. Алдыңғы екі кездесуде жеңіске жеттік. Бұл өте жақсы, біз жеңістің дәмін сезіне бастадық. Маған біздің құрылым ұнайды, біз не істеу керегін жақсы түсіне бастадық. Мен бұған ризамын», - деді Боб Хартли.