ПСЖ шабуылшысы Неймар кішкентай жанкүйерімен селфи жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл Колумбиямен матчтан кейін болды. Кумирін көрген кішкентай бала көз жасын тоқтата алмай, Неймарға қарай жүгірген. Футболшы ойланбастан естелікке баламен селфи жасады. Алайда Неймардың жанкүйерлері оны селфи кезінде маска тақпағаны үшін айыптады.