Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан да Силва Испаниялық «Эль-Посо» футзал клубының сапына келіп қосылды.

Тайнанның бұған дейінгі клубы Португалияның «Спортингі» болды, аталған команда сапында ол 2020/2021 жылғы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Сонымен қатар Португалия чемпионы (2020/2021), Португалия Суперкубогы (2019) және Лига кубогының иегері (2020/2021) атанды.

Фото instagram.com/elpozomurciafsoficial