Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы қыркүйек айының үздік голын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысушылардың таңдауыңына Чемпионаты ойындарында соғылған 5 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Атырау» – «Тобыл» (22-тур) кездесуінде соғылған Алекса Амановичтің керемет соққысы атанды. Қазақстандық ойыншының голына 183 (43, 78 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.