Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай «Шахтерға» қарсы жолдастық матчта алаңға шықты. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

28 жастағы футболшы биыл қыста Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жарақат алып, маусым бойы алаңға шықпады.

Ал соңғы ресми матчын былтыр қараша айында Қазақстан құрамасы сапында өткізген.