Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте (Калифорния, АҚШ) WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің 1/8 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналым матчында қазақстандық теннисші әлемнің 29-ракеткасы латвиялық Елена Остапенкодан үш сетте жеңілді – 3:6, 6:2, 3:6.

Кездесу 1 сағат, 56 минутқа созылды.

Фото Андрей Ударцев, ktf.kz