Ұлттар лигасының үшінші орыны үшін матч Италия құрамасы Бельгиядан басым түсті, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды.

Матчтың екінші бөлігін Италия футболшылары белсенді бастады. Барелла есеп ашса, Берарди пенальтиден есепті еселеді. Роберто Мартинес командасы бір голмен ғана жауап қатты.

Осылайша, Италия құрамасы 2:1 есебімен жеңіп, қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, финалда Испания мен Франция құрамалары кездеседі.

Ұлттар лигасы. Үшінші орын матчы

Италия – Бельгия – 2:1

Гол соққандар: Барелла, 46 (1:0). Берарди, 65 пенальти (2:0). Де Кетеларе, 86 (2:1).

Италия: Доннарумма, Бастони, Эмерсон, Ачерби, Ди Лоренцо, Локателли, Барелла (Кристанте, 70), Кьеза (Бернардески, 90+2), Пеллегрини (Жоржиньо, 71), Берарди (Инсинье, 90+1), Распадори (Кин, 65).

Бельгия: Куртуа, Вертонген, Алдервейрелд, Денайер, Кастань, Салемакерс (де Кетеларе, 59), Витцель, Карраско (Троссард, 87), Тилеманс (де Брюйне, 59), Ванакен, Батшуайи.