Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында қазандық «Ак Барстан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың бірінші кезеңінде ресейлік ұжым алға шықты. «Ак Барстың» екі шайбасынан кейін Якоб Берглунд есепті қысқарта алды.

Дегенмен екінші кезеңде қонақтар төрт шайба салды. Бұған елордалық клуб тек Валерий Ореховтің шайбасымен ғана жауап қата алды. Соңғы кезеңнің басында Егор Шалапов есепті 3:6 қылғанымен, астаналықтардың одан әріге шамасы жетпеді.

Енді 13 қазанда «Барыс» сырт айдында «Авангардпен» кездеседі.«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Ак Барс» (Қазан, Ресей) 3:6 (1:2, 1:4, 1:0)Шайбалар:0:1 — 04:09 Хенкель (Зарипов, Бурмистров). 0:2 — 05:35 Кагарлицкий (Галимов). 1:2 — 06:44 Берглунд (Мартинссон, Куник). 1:3 — 23:41 Коваленко (Уил). 1:4 — 27:30 Панюков (Галимов, Коваленко). 2:4 — 30:57 Орехов (Шестаков). 2:5 — 31:30 Зарипов (Кэмпфер, Сафонов). 2:6 — 38:18 Кагарлицкий (Галимов, Кэмпфер). 3:6 — 40:44 Шалапов (Волк, Михайлис). Қақпашылар: Ортио 00:00-40:00, Бойркин 40:00-60:00 — Билялов