Нахон Ратчасимада (Тайланд) ерлер командалары арасында волейболдан клубтық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның қазіргі чемпионы алматылық «Буревестник» турнирдің бірінші матчында бес партиядан Ирактың «South Gas» командасынан ұтылды - 2:3 (16:25, 24:26, 25:23, 25:23, 13:15).

Алматылықтардың топтық кезеңдегі келесі қарсыласы жарыс қожайындары - «Nakhon Ratchasima» клубы болмақ. Бұл кездесу 10 қазанда өтеді.