Goal.com мәліметінше, дортмундтық клуб 21 жастағы норвегиялыққа жақсартылған келісім ұсынды, оған сәйкес шабуылшының жалақысы екі есе өседі.

Алайда, футболшы болашағын басқа клубта елестетеді.

Холанд «Боруссиядан» жаңа келісімшарт бойынша кез келген ұсынысты қабылдамауға ниетті.

Шабуылшы осы маусымда барлық турнирде сегіз ойын өткізіп, 11 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.