Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге алғашқы айналымда аустралиялықтар Анастасия және Арина Родионовамен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 3:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті.