«Алтай-Торпедо» хоккей клубының жаттықтырушылар құрамында өзгерістер болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Георгий Нодаревич Верещагин «Торпедоға» бас бапкер болып тағайындалды. «Алтай-Торпедоны» Евгений Александрович Фадеев жаттықтырады, ол бұған дейін «Торпедода» аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

Досжан Русланұлы Есіркенов «Торпедоның» аға жаттықтырушысы болды.