Әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында «Жетісу» волейбол клубы филиппиндік «Чоко Мучомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 5-орны үшін өткен ойында талдықорғандық команда 3:0 (25:14, 25:11, 25:23) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл турнирде «Жетісудан» бөлек өскемендік «Алтай» да бақ сынап жатыр.

«Алтай» жарыстың ақтық сынына жолдама алды. Өскемендік волейболшылар финалда жарыс қожайыны «Накхон Ратчасимамен» кездеседі.