Құрлықтық хоккей лигасы 6 қазанда елордада өткен «Барыс» - «Авангард» матчының үздік үш ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің бас жұлдызы «Барыс» қақпашысы Йони Ортио болды, ол қақпасына жасалған 28 соққының бәрін қайтарды.

Екінші жұлдыз қазақстандық команданың шабуылшысы Никита Михайлис болды, ол жеңіс голын соқты.

Үздік үштікті «Барыс» ойыншысы Кертис Волк түйіндеді. Ол белсенді ойынымен көзге түсті.

Айта кетейік, «Барыс» - «Авангард» кездесуі 1:0 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды.