Қазақстандық боксшылар Иван Дычко (10-0, 10 КО) мен Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшылардың менеджері Зия Әлиев Инстаграм желісінде хабарлап, «толық кард жақын арада белгілі болатынын» айтты. Иван мен Данияр да өз аккаунттарында жаңалықтарты бөлісті.

Жеңілмеген проспектілер 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы бокс кеші аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтардың қарсыластары әлі белгісіз.

Еске салайық, Данияр Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі 2020 жылы өткен. Екінші раундта ол намибиялық Юлиус Индонгоны (23-4, 12 КО) нокаутқа жіберген болатын.