Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындықты бастады, деп жазады Prosports.kz.
ҚФФ баспасөз қызметі жаттығу сәтінен фоторепортаж жариялады.
- Құрама сапында бірнеше өзгеріс бар. Шабуылшы Артур Шушеначев пен Азат Нұрғалиевтің орнына Алексей Щеткин мен Роман Мұртазаев шақыртылды. Сондай-ақ құрама сапына Дмитрий Шомко да келіп қосылды, - деп жазды ҚФФ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 9 қазанда «Астана Аренада» Босния және Герцеговинаны, үш күннен кейін Финляндияны қабылдайды.
Комментарии