Бразилия чемпионатының 23-турында «Гремио» өз алаңында «Спорт Ресифи» 1:2 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында алаң иелері сапынан жалғыз голды жанкүйерлерге жақсы таныс Дуглас Коста соқты.

Оң қапталдан доп қабылдап, айып алаңына қарай сәл жылжыған бразилиялық вингер алыстан соққы жасап, тоғыздықты дәл көздеді.

Айта кетейік, Еуропада «Бавария», «Ювентус» секілді атақты клубтарда доп тепкен Коста өз еліне оралғаннан кейінгі алғашқы голын соғып отыр.