7-10 қазан аралығында хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы 2022 жылғы Олимпиада ойындарының екінші іріктеу кезеңіне қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Торре-Пелличеде (Италия) қазақстандық хоккейшілер Италия, Испания және қытайлық Тайпеймен кездеседі.

Топ жеңімпазы 11-14 қараша аралығында өтетін іріктеу турнирінің соңғы кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі келесідей (Нұр-Сұлтан уақытымен):

7 қазан, 20:00. Қазақстан - Қытай Тайпей

9 қазан, 20:00. Қазақстан - Испания

11 қазан (қазанның 10-нан 11-не қараған түні), 00:15. Италия - Қазақстан