«Барыс» капитаны Даррен Диц Континентальды хоккей лигасы чемпионатының қорғаушыларының үздіктер қатарында, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Хоккейші «Локомотивке» қарсы кейінгі ойынында шайбамен ерекшелене алды, ол лигадағы 13 матчта алтыншы голын соқты.

Осылайша, Нұр-Сұлтан клубының 44-ші нөмірлі ойыншысы «Локомотивтегі» Рушан Рафиков пен «Торпедо» қорғаушысы Теодор Леннстрем сияқты сұрмерген-қорғаушылар арасындағы рейтингте көш бастады, аталмыш екі хоккейшіде де төрт гол бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» ҚХЛ чемпионатындағы келесі кездесуін 6 қазанда өз алаңында Омбының «Авангард» командасымен өткізеді.