Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионы, Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы Джоао Матуш Аргентинамен финалдан кейін көзіне жас алған. Ол кейіннен не үшін жылағанын айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Менің ойыма, Қазақстанмен жартылай финалдағы кездесу келді. Біз ойын бітуіне 46 секунд қалғанда сәтсіз гол жіберіп алдық. Сол сәтте мен психологиялық тұрғыдан сындым. Колумбиядағы әлем чемпионаты есіме түсті. Онда мен үшінші және төртінші орындар үшін ойында пенальтиден гол соға алмадым...», - деп спортшының сөзін BOLA жазды.

Еске салайық, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиядан пенальти сериясында ұтылды. Финалға шыққан Португалия құрамасы бұрынғы әлем чемпионы – Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді.