Әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында «Жетісу» волейбол клубы ирандық «Сайпамен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ширек финалы аясындағы ойында талдықорғандық команда 0:3 (21:25, 21:25, 23:25) есебімен ұтылды.

Жарыс Накхонпатхоме (Таиланд) қаласында өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан атынан екі команда қатысып жатыр. Олар өскемендік «Алтай» мен талдықорғандық «Жетісу».