Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабонда өтіп жатқан теннистен Челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалында француз Юго Гастонды 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу барысында Попко 2 эйс жасады, 5 рет доп беру кезінде қателесті.