Елена Рыбакина жарақатына байланысты бас тартқаннан кейін тунистік теннисші Онс Жабер Чикагодағы WTA-500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуді тоқтаған кезде 6:4, 3:2 есебімен тунистік спортшы жеңіп тұрған еді. Теннисшілер алаңда 54 минут өткізді.

Чикагодағы турнирдің титулы үшін Жабер жарыстың екінші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.