«Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман Ла Лиганың 8 -турының «Атлетикоға» қарсы матчының алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол Лионель Мессінің жазда не үшін клуб құрамында қалмағанын айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Ең жақсы сәт – «Барсамен» келісімшартқа отыру. Ең жаманы – Мессидің кетуі. Егер менде бір қап ақша болса, Месси әлі де осында болар еді», - деді ол.

Алты ойын өткеннен кейін «Барселона Ла Лигада үш жеңіс және үш тең ​​ойынмен алтыншы орында. «Атлетикоға» қарсы матч 3 қазанға қараған түні өтеді.

Чемпиондар лигасында каталондықтар «Бавария» мен «Бенфикаға» 0: 6 есебімен ұтылып, топта соңғы орында тұр.

Айта кетейік, 5 тамызда «Барселона» Мессимен келісімін ұзартпайтынын мәлімдеді. Бұл Испания лигасының регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты. Аргентиналық ойыншы клуб құрамында 2000 жылдан бастап ойнады. Ол «2 + 1» схемасы бойынша ПСЖ -мен келісімшартқа отырды.