«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда мәскеулік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

«Барыс» алғашқы екі периодта бір-бір шайбадан өткізіп алып, 2:0 есебімен жеңілді, ал соңғы периодта қос команда 1:1 есебімен тең ойнады. Қорытынды есеп - 3:1.

Осылайша, «Барыс» 12 ойында 10 ұпай ғана жинап, Шығыс конференциясында 8-орында тұр..

«Динамо» (Мәскеу) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан) 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)Шайба соққандар:1:0 — 05:48 Ефремов (Игумнов, Зайцев). 2:0 — 20:27 Галиев (Шипачев, Войнов). 2:1 — 55:52 Диц (Михайлис, Волк). 3:1 — 59:31 Фисенко (Педан). Қақпашылар: Бочаров — Ортио