Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қараша айында шаршы алаңға шығады.

5 қарашада Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы, француз Хасан Н'Дам Н'Жикамомен жұдырықтасады.

37 жастағы француз боксшысы мансабында 43 жекпе-жек өткізіп, оның 38-нде жеңіске жеткен. Чемпиондық атақты 2017 жылы жапон боксшысы Риота Муратодан тартып алған.

Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегінде америкалық Роб Брантты төрешілер шешімімен жеңді.