Нұр-Сұлтанда коньки спорты бойынша Қазақстан кубогы басталды.

Аталған республикалық бәсеке конькишілер үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болып есептеледі. Ұлттық құрама мүшесінің барлығы Қазақстан кубогына қатысады.

Айта кетерлігі, коньки спорты бойынша Қазақстан кубогының екінші кезеңі қазан айында өтеді. Нәтижесінде әлем кубогына қатысатын спортшылар құрамы анықталады.