Волейболдан Қазақстан кубогінің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ел үздігін анықтайтын бәсеке Павлодар қаласында өтеді деп жоспарланған.

Әйелдер командалары арасындағы дода 1-8 қазан күндеріне жоспарланса, ерлер командалары 10-17 қазан аралығында өзара мықтыны анықтайды.