19 жасқа дейінгі «Қайрат» командасы жастар Чемпиондар Лигасының бірінші турын тең ойынмен бастады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бүгін, 29 қыркүйекте Кипрде алматылықтар АПОЭЛ-мен кездесті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Бесінші минутта жартылай қорғаушы Мирас Оматай алаң иелерінің қақпасынагол соқты. Бірақ олар 13 -минутта есепті теңестірді.

Командалардың қарымта кездесуі 20 қазанда Алматыда өтеді.

Қарымта ойында, «Қайрат» жеңсе, ПАОК (Греция) - «Зилина» (Словакия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.