Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай отандасы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алдағы қарсыласы Манель Капеге жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Капе – Жұмағұлов жекпе-жегі 4 желтоқсанда өтеді. Бұған дейін Инстаграмда «Өз бешбармағымды 4 желтоқсанда жеймін» деп жазған еді.

Бұған Қасымбай жауап берді.

«Бешбармақ жеу үшін соған лайық болу керек. Жалғас Жұмағұлов бұл жеңілістен кейін қалыпқа келу үшін ең үздік тағам екенін түсіндіреді. Сосын бешбармақты тек жылқы етінен жасайды», - деп жазды Қасымбай.