Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (11-0) алдағы жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграмда ирландиялық проспект Стивен Кэйрнс Зәуірбекпен спарринг өткізгеннен кейін бірге түскен суретін жариялады.

«Мықты боксшымен тамаша раундтар өткіздік», - деп жазды ол.

Сұлтан Зәуірбек кейінгі жекпе-жегін биыл 10 шілдеде Алматыда өткізген. Сол кездесуде ол ұлыбританиялық Ронни Кларкты жеңген болатын.