Иран құрамасының бас бапкері Мұхаммед Наземшариех әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстаннан жеңілісі туралы айтты.

«Қазақстан мықты және жеңіске лайық команда болды. Жеңісімен құттықтаймын. Біз футзалдан әлем чемпионатындағы ең мықты ойынның біріне куә болдық. Біздің команда ойынды жақсы бастады, бірақ өкінішке қарай жеңіліс таптық», — деп келтіреді жаттықтырушының сөзін Bartarinha.ir сайты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Финалға шығу үшін отандастарымыз Португалиямен кездеседі. Матч 30 қыркүйекте Каунаста өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Тайнан бес голмен 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені.