Танымал америкалық Yahoo! Sports басылымы салмақ дәрежесіне бағынбайтын рейтинг бойынша әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін ұсынды.

Бірінші орынға АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд жайғасса, екінші сатыжа мексикалық Сауль «Канело» Альварес келеді, ал үздік үштікті жапониялық Наое Инуэ қорытындылап тұр.

Орта салмақтағы IBF/IBO Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин 15 спортшының ішінде оныншы орында тұр.

Yahoo! нұсқасы бойынша ТОП-15 боксшы:

1. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

2. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

3. Наоя Иноуэ (Жапония)

4. Александр Усик (Украина)

5. Эррол Спенс (АҚШ)

6. Теофимо Лопес (АҚШ)

7. Василий Ломаченко (Украина)

8. Тайсон Фури (Ұлыбритания)

9. Хуан Франциско Эстрада (Мексика)

10. Геннадий Головкин (Қазақстан)

11. Майки Гарсия (АҚШ)

12. Джермелл Чарло (АҚШ)

13. Джош Тейлор (Ұлыбритания)

14. Артур Бетербиев (Ресей)

15. Джервонта Дэвис (АҚШ).