ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе клубпен келісімшарт мерзімін ұзартпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мбаппе бірнеше себептерге байланысты Францияда қалғысы келмейді.

Біріншіден, ол командада оны негізгі құрамнан ығыстыра алатын шабуылшы спортшылардың тым көптігіне наразы. Екіншіден, оған ПСЖ жанкүйерлерінің көзқарасы ұнамайды, өйткені париждік жанкүйерлері ойыншыны үнемі сынайды.

Айта кетейік, Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2022 жылы 30 маусымда дейін жарамды. Килиан ПСЖ-ға 2017 жылы «Монакодан» ауысып келген.