Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Лиссабонда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы кезеңде италиялық Лоренцо Джустиноны жеңді.

1 сағат 57 минутқа созылған кездесу 1:6, 6:3, 4:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов Astana Open турнирінің ширек финалына шыға алмаған еді. Олар Гонсалес/Мольтени жұбынан 6:4, 6:7, 10:6 есебімен жеңілді.