Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-5) UFC-дегі келесі қарсыласы Анголалық Манель Капе (16-5) болды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

27 жастағы африкалық спортшы кәсіби мансабын 2012 жылы бастады. Ол әр түрлі промоушндерде өнер көрсетті, бірақ Rizin-де үлкен жетістікке жетіп – жеңіл салмақта чемпион атанды. Капеде сонымен қатар Knock Out Championship-тің белбеуі бар.

2019 жылы Rizin-дегі жеңістер сериясынан кейін Манель UFC -ге шақырту алды. Ол осы жылы барлық үш жекпе-жегін UFC-де өткізді: ақпан мен наурызда бразилиялық спортшылар Александра Пантоге (24-5) мен Матеус Николаудан (16-2-1) жеңілді. Тамызда Капе бірінші раундта (9-4-1) америкалық Оде Осборнды нокаутқа жіберіп, жеңді.

Айта кетерлігі ол «Манчестер Юнайтед» пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жанкүйері. Манель Капе жеңістерін октагонда Роналду стилінде тойлайды.