Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасын жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазақстан тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, 2:0 есебімен ұтылып қалды. Бірақ, екінші таймда отандастарымыз жеңіске деген күш-жігер тауып, 3 гол соғып күшті жеңісті жұлып алды.

«Егер сізде осындай ойыншылар болса, меніңше, кез келген адам жаттықтырушы бола алады. Бұл олардың еңбегі, олар қолынан келгенін істеді. Жеңіс үшін аянып қалмады. Егер мен қазақ болсам, осындай адамдармен мақтанар едім», - деді Кака матчтан кейін.

Финалға шығу үшін Қазақстан құрамасы Португалиямен ойнайды, бұл матч 30 қыркүйекте өтеді.

Екінші жартылай финалдың жұбы Бразилия мен Аргентина құрамалары болды.