Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық проспект Серік Мұсәділов (10-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 27 жастағы спортшы 20 қарашада өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Мұсәділов биыл 24 қыркүйекте Майамиде америкалық Шон Миллермен (18-6-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек болған, алайда жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады.

Фото instagram.com/serikmussadilov