Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита әлем чемпионатының ширек финалындағы Иранға қарсы матч алдында жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алаңда қиын болған сәтте, сіздердің энергияларыңызды сезінеміз! Ертең (жазба кеше жарияланды - авт.) жеңіске жету үшін барымызды саламыз... Біз біргеміз. Алға, Қазақстан!», – деп жазды ойыншы Инстаграмда.

Иран – Қазақстан матчы 27 қыркүйекте өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де.

Фото instagram.com/kff_team