Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы алғашқы жұп анықталды.

Жартылай финалға алғаш болып Марокконы 1:0 есебімен жеңген Бразилия құрамасы шықты. Артынша Ресей мен Аргентина жұбының жеңімпазы анықталды.

Қос құрама арасындағы матчтың негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти сериясында Аргентина 5:4 есебімен жеңіске жетті.