Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшылары Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық Russian Open G1 турнирінде екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық таеквондошылар Мәскеуде халықаралық жарысқа қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде отандық қос атлет күміс жүлдеге ие болды.

54 келіде сынға түскен Самат Темірхан мен 68 келіде Эльдар Бірімбай финалға шығып, екінші орыннан көрінді.